Қоғамды дүр сілкіндірген Каспийдегі қайғылы оқиғаға қатысты пост немесе пікір жазған азаматтарға құқық қорғау органдары тарапынан қоңырау түсіп жатыр деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов мәлімдеді. Айтуынша, ведомство азаматтарға мұндай мәселемен қоңыраулар шалмайды. «Ешқандай. Сіз айтқан бұл ақпараттың ешқайсысын растамаймын, полиция қызметкерлері тарапынан ешқандай қоңырау шалынған жоқ. Оның үстіне ішкі …