Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек биолог Дос Сарбасовтың онкологияның төртінші сатысындағы адамдарға қолданатын дәрі ойлап тапқанын алғаш рет айтқан еді. Осыған байланысты Назарбаев университетінде (NU) жоба авторлары екінші клиникалық сынақтың қалай өтіп жатқаны туралы тағы да мәлімет берді, деп хабарлады Ulysmedia.kz. ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.