Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан қазақ жауынгерлерінің сүйектері елге қайтарылды. Бүгін Қазақстан республикасы Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында майдан даласында шейіт болған сарбаздардың сүйектері туған-туыстарына табысталды.