Бүгін алғаш рет «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен тіл жанашырлары марапатталды деп хабарлады turkystan.kz baq.kz-ке сілетеме жасап. Марапатталғандар қатарында тіл маманы Владислав Тен де бар. «Төсбелгіні алғашқылардың бірі болып алғаныма қуаныштымын. Мен өз жұмысымды істеп жүрмін. Осы жұмысым мемлекетке, Білім министрлігіне ұнаған болар. Сол себепті мені де осы жиынға шақырды», – деді Тен. …