Соңғы уақытта желіде көпшіліктен жекеменшік мектептер жайлы пікір сұраушылар көбейді. Баласына озық білім бергісі келетін ата-аналарды элиталық мектептер ұсынатын халықаралық стандарттар мен заманауи инфрақұрылым қызықтырады. Әрине, мұндай сипаттамаларға сай келетін білім ордаларында оқу бағасы арзан емес. Кейбірінің жылдық ақысы 20 млн теңгеге жетеғабыл. Ulysmedia.kz тілшісі Алматы мен Астананың ең қымбат мектептерінің рейтингін жасап, олардың кімге тиесілі екенін, қандай бағдарлама бойынша білім беретінін анықтады.