Химиядан 56-шы Халықаралық Менделеев олимпиадасында қазақстандық оқушылар 3 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды. Зияткерлік сайыстар 9-16 мамыр аралығында Ташкентте өтті деп хабарлады turkystan.kz БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан құрамасы атынан Қарағанды, Ақтау, Нұр-Сұлтан, Өскемен, Павлодар және Ақтөбе облыстарынан 10 және 11 сыныптардың 12 оқушысы қатысты. Олар ТМД, Балтық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің құрдастарымен …