2021 жылы кедейліктің ең жоғары деңгейі Түркістан мен Маңғыстау облыстарында тіркелді деп хабарлады turkystan.kz. Үй шаруашылықтарын зерттеу деректері бойынша, 2021 жылы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасына жетпейтін халық үлесі 5,2% құрады (2020 жылы – 5,3%). 2021 жылы өңірлер бөлінісіндегі кедейліктің ең жоғары деңгейі Түркістан (9,8%), Маңғыстау (8,6%) облыстарында, ең аз үлесі – Нұр-Cұлтанда (2,2%) …