ҚазҰУ студентінің туыстары әлеуметтік желілердегі видеолар мен фотоларды дереу өшіруді талап етіп жатыр. tiek.kz редакциясына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студентінің қайғылы қазасына қатысты марқұмның туыстарынан ресми үндеу келіп түсті. Үндеуде көз жұмған ҚазҰУ-дың 1-курс студенті Бәкіртай Дауыл Болатбекұлының жақындары бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде (TikTok, Instagram, Threads және басқа да платформаларда) бауырының фото және бейнематериалдары …