Көкшетауда қайтарылған активтер қаражаты есебінен жаңа спорт кешені салынып жатыр. Үкімет жобаға Арнаулы мемлекеттік қордан 12,6 млрд теңге бөлді. Ғимаратта олимпиадалық стандарттың сертификатталған құралдарымен жабдықталған бокс, күрес, ауыр атлетика және кроссфитке арналған залдар бар.
Өмір