Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясының Орталық кеңсесінде Ұлттық кеңес президиумы мен партияның парламенттік фракциясының бірлескен отырысы өтті. Отырысқа «Ақ жол» Демпартиясынан барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары қатысты. Сәрсенбіге жоспарланған Демпартия Ұлттық кеңесінің пленумы қарсаңында қатысушылар Республика Конституциясының жаңа жобасын талқылап, Пленумға ұсынылатын ортақ ұстанымды қалыптастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өмір