Жаңа туған сәбидің алғашқы тынысы, іңгәлаған үні мен ана құшағынан тыныштық тапқаны өмірдегі ең әсерлі сәт. Қалалық перзентханадағы бұл көріністер халық санының қарқынды өсіп келе жатқанын айғақтайды. 2025 жылы қалада 27 560 нәресте дүниеге келген. Шымкент демографиялық өсім жағынан ел бойынша алдыңғы қатарға шықты. Сәйкесінше, көпбалалы отбасылар саны да артып келеді.