Жамбыл облысының Қордай ауданында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат агенттігі. Оқиға 1 маусым күні сағат 15:00 шамасында тасжолда болған. Жамбыл облысы полиция департаментінің мәліметінше, Lexus автокөлігінің жүргізушісі жол қоршауына жанай соғылған. Соққыдан кейін көлік айналып кетіп, жолдың жүріс бөлігінде тоқтаған. Біраз уақыттан соң тоқтап тұрған Lexus көлігіне...