Қостанай тұрғыны қалалық қоғамдық көліктегі заңсыз миссионерлік қызметі үшін жауапқа тартылды деп хабарлады turkystan.kz Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тәртіп бұзушыға 214 410 теңге айыппұл салынды. Қостанай облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері интернет-ресурстарға мониторинг жүргізу барысында облыс тұрғынының қоғамдық көлікте заңсыз миссионерлік қызметті жүзеге асырғанын анықтады. Әйел автобуста діни уағыз айтқан. …