Бұл жағдай кеше кешкісін болған. Қостанай облысы, Лисаков тұрғыны әйелімен жанжалдасқаннан кейін 9 қабатты үйдің төбесіне көтеріліп, секірмек болды, деп хабарлады turkystan.kz. Оқиға орнына келген полицейлер үйдің шатырына көтеріліп, 30 жастағы қала тұрғынын оқыс қадам жасамауға шақырған. Азаматтың бұл әрекетінің себебі әйелімен жанжал болғанын жеткізген. «Мұндай жағдайда салы суға кеткен адамдармен келіссөз жүргізе білу керек. …