Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайында сөз сөйлген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қисынсыз аудармаларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tizgin.kz. Қолданыс аясы кеңейген сөздер Мемлекет басшысы алдымен қазақ тілінің басқа іргелес елдер тілдерімен салыстырғанда әлдеқайда таза деп айту орынды екенін жеткізді. «Мысалы, бұрын өте сирек пайдаланған немесе мүлде пайдаланбаған «тұжырымдама, қағидат, жоспар, сыйақы, шәкіртақы, еңбек өтілі, …