АҚШ-тың Иллинойс штатында 24 жастағы қазақстандық Әсет Құралбай жоғалып кетті. Оның жоғалғаны туралы туыстары Threads әлеуметтік желісінде хабарлады. Олардың айтуынша, жігіт соңғы рет 2 маусымда байланысқа шыққан, ал 7 маусымнан бастап телефоны сөндірулі болған, деп хабарлайды kznews.kz. Әсеттің әпкесі Алина Құралбай Newtimes.kz тілшісіне берген сұхбатында оның АҚШ-та төрт жылдан бері тұрғанын айтты. Ол Америкаға Work&Travel бағдарламасы арқылы барып, …