19 тамызда марафоншы, тіркелмеген оппозициялық «Алға, Қазақстан» партиясының жетекшісі Марат Жыланбаев 61 жасқа толды. Туған күнін ол Атбасардағы түрменің тәртіптік изоляторында қарсы алды. Қамауда бірнеше рет аштық жариялаған әйгілі спортшының қалы қалай? Ulysmedia.kz тілшісіне Марат Жыланбаевтың жай-күйін 20 тамызда Атбасарға барып келген адвокаты Мейіржан Досқараев айтып берді.