Танымал вайнерлер мен әртістер жарнамалаған «Astex.kz» компаниясына 160-тан астам салымшы ақша аударған. Қаржы ұйымының басшылары салымшыларға ортақ түсімнен ай сайын 20% мөлшерде сыйақы төлеп отыруға уәде берген. Жеңіл пайдаға қызыққан адамдар қаржылық пирамидаға өздерінің жиған-тергендерін ғана емес, таныстарының да ақшасын аудартқан деп хабарлады turkystan.kz Азаттық рухына сілтеме жасап. «Жиналған себебіміздің басты мақсаты – ұсталған кейбір …