Оңтүстік Кореяда қайтыс болған Шымкент тұрғынының денесі алты күннен бері жат елдің мәйітханасында жатыр деп хабарлады turkystan.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. Шетелге табыс табуға төрт жыл бұрын кеткен Батыр Оспанов қатты сырқаттанған анасын ойлап күйзелісте жүрген. Туыстарының айтуынша, оның өліміне бір апта бұрын болған анасының қазасы туралы жаңалық себеп болған. «Анасының хабарын айтып отыратынмын. Осылай …