Оңтүстік Кореяда қайтыс болған Шымкент тұрғынының денесі 6 күннен бері жат елдің мәйітханасында жатыр деп хабарлады turkystan.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. Шетелге табыс табуға 4 жыл бұрын кеткен Батыр Оспанов қатты сырқаттанған анасын ойлап, күйзелісте жүрген. Туыстарының айтуынша, оның өліміне бір апта бұрын болған анасының қазасы туралы жаңалық себеп болған. «Анасының хабарын айтып отыратынмын. Осылай …