«Қыс жайлы болса киік ауып несі бар?!» Елде ақбөкен көбейіп, тіпті ауыл арасында жайылып жүр. Кезінде 60-70 мың қана қалған түз тағысының қазіргі саны 4 миллионның шамасында. Жер қайысып, егінге ауыз салған соң бұларды да аулауға рұқсат етілгені белгілі.