Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған академиялық тыңдаулар өтті. Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Үнзила Шапақ, Ермұрат Бапи, Ерлан Саиров, судьялар, мемлекеттік органдардың өкілдері, академиялық қауымдастық мүшелері, жетекші заңгер-ғалымдар, сондай-ақ конституциялық құқық саласындағы тәжірибелі адвокаттар мен сарапшылар қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.