Қазақстанда жылыту маусымы басталғанда кей тұрғындар пәтердегі температураның төмендігіне шағымданады. Бірақ жылу жеткіліксіз берілсе де, коммуналдық төлемді толық төлей беретіндер бар. Заң бойынша тұрғындар сапасыз көрсетілген коммуналдық қызмет үшін төлемді қайта есептеуді талап ете алады. Қандай жағдайда төлем қайта есептеледі? Коммуналдық қызмет көрсету қағидаларына сәйкес, тұтынушы жылу, электр энергиясы немесе су белгіленген талаптарға сай жеткізілмесе, …