Павлодар қаласында аялдамалардың бірінен ер азаматтың денесі табылды деп хабарлады turkystan.kz. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ер адам № 18 мектеп маңындағы аялдамадан табылған. Марқұм 1955 жылы туған. Дерекке қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ер адамның денесінде зорлық белгілері жоқ.