Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады turkystan.kz Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 мамырда Audi Q7 маркалы автокөлігінің 61 жастағы жүргізушісі Бектұров көшесімен солға бұрылып, Торайғыров көшесінен өтіп бара жатқан 64 жастағы жаяу жүргіншіні (бағдаршамның рұқсат беретін белгісінде) қағып кеткен. «Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сараптама тағайындалды. …