Алматылық дәрігерлер тұрғын үйдің сегізінші қабатынан құлаған 4 жасар қызды аман алып қалды деп хабарлады turkystan.kz. Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жазатайым оқиға 7 сәуір күні болған. 4 жастағы кішкентай қыз Алматыда тұрғын үйлердің бірінің сегізінші қабатынан құлап кеткен. Ауруханаға жедел жәрдем көлігімен жеткізілді. Түскен кезде баланың жағдайы өте ауыр болды. Дәрігерлер тексеріп оған …