Елордада 3 жасар қызды құтқарған Сәбит Шонтақбаев 13 жыл бұрын да адам өмірін аман алып қалған деп хабарлады turkystan.kz. Бұл жайында ол Bosat подкастында берген сұхбатында айтып берген. «2009 жылы жол бойында жұмыс істейтінмін. Жағажайға суға түсуге бардым. Сол кезде бір қыз суға біресе батып, біресе шығып жатты. Мен оның жүзе алмай жатқанын түсініп, көмектесу …