Сәуір айында жолға шыққан «Саламатты Қазақстан» медициналық-құқықтық пойызы 100 мыңға жуық ауыл тұрғынына кәсіби көмек көрсетті. Алматыда шалғай өңірлердің халқы асыға күтетін жобаның алты айдағы жұмысы қорытындаланды. Пойыз алыс аймақтағы 123 ауылды аралап шықты. Дәрігерлердің кешенді тексерулері нәтижесінде 2 мыңнан астам ауыр созылмалы ауру ерте сатысында анықталды. Оның ішінде онкологиялық дерттер, қант диабеті, глаукома, тромбоз, жүрек-қан тамырлары жүйесі аурулары бар.
Өмір