Пандемия кезінде елімізде туу көрсеткіші күрт өсіп, 1987 жылғы рекорд жаңарғаны туралы ақпарат құралдары жарыса жазғаны есте. Ал Ұлттық статистика бюросының биылғы мәліметінде көрсеткіштің төмендегені байқалады. Одан бөлек, еліміздегі оқиғалар мен өзгерістерге, сырттағы геосаяси ахуалға байланысты көші-қон деректерінде де өзгерістер бар екені айтылып жүр. Былтыр тамызда еліміздегі халық саны 19 миллионға жетті деп сүйіншілеген болатынбыз. …