Абай облысында өткен жылыту маусымында 304 өрт оқиғасы тіркелді. Бұл алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 44 пайызға көп. Құтқарушылардың айтуынша, негізгі себеп – тұрғындардың пеш және электр жабдықтарын дұрыс пайдаланбауы. Осыған байланысты олар өрттің алдын алу шараларын күшейтіп, арнайы рейдке шықты.