Алматы облысында 3 бірдей нәрестесінен айырылған отбасы әділдік сұрайды. Қара жамылған жанұя мүшелерінің сөзінше, босануға барған келініне Қарасай аудандық перзентхана мамандары дұрыс ем-дом тағайындамаған, деп хабарлайды Аlmaty.tv арнасы. Айдана Оразбаеваның жүктілігі 6 ай бойы қалыпты өткен. 17-18-не қараған түні келіншектің суы кетіп, толғақ қысқан. Жолдасы бірден әйелін бақылауда тұрған Жамбыл аудандық ауруханасына апарған. Бірақ ондағы мамандар жүкті …