Солтүстік Қазақстан облысында жаңадан салынған жылу қазандығы биыл да іске қосылмады. Коммуналдық нысан Ғабит Мүсірепов атындағы аудан орталығында 2022 жылы пайдалауға берілген. Оның құрылысына облыстық бюджеттен 1,1 млрд. теңге бөлінген. Алайда орталықтандырылған жүйе бір күн де істемей, жабылып қалған. Ауыл тұрғындары өңірдегі тілшілерге хабарласып, көмек сұрады.
Өмір