ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Амантай Бергалиев Facebook-тегі парақшасында «Ирина Кайратовна» тобы мен «Shiza» есімді әншіге қатысты Бас прокуратураға және ІІМ-ге ашық хат жолдағанын жазды деп хабарлады turkystan.kz. Қайраткер ашық хатта әншілердің сахна әдебін сақтамай, мәдениетсіздігімен Туды қорлағаны халықтың ашу-ызасын келтіргенін айтты. «25 мамыр күні Алматы қаласындағы Балуан Шолақ сарайында өткен «Ирина Кайратовна» тобының концертiнде әншiлер, …