Ел егемендігін жариялап, тәуелсіздік алғаннан кейінгі тоқсаныншы жылдардан бері мемлекеттің еңсесін тіктеп, әр өңірдің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан атпал азаматтар аз емес. Сол санаулы тұлғалардың бірі – Қонаев қаласының тұрғыны, өмірін туған жердің дамуына арнаған Сәуле Нұрсолтанова. Қапшағай шаһарына ұлы тұлға Дінмұхамед Қонаевтың есімін беру туралы бастама көтерілгенде, оны жергілікті мәслихат депутаттары бірауыздан қолдаған еді. Осы тарихи шешімнің нәтижесінде қала Алматы облысының орталығы мәртебесіне ие болып, жаңа серпінмен дамуға мүмкіндік алды.
Өмір