Бүгін Түркістан облысы полиция департаменті қызметкерлерінің арнайы рейдтік шарасы кезінде құжатсыз көлік айдап жүрген 3 мектеп бітіруші ұсталды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz. «Кәмелет жасына толмаған мектеп бітірушілер құжатсыз автокөлік жүргізген, олардың ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігімен хаттама толтырылды. Жасөспірімдер айдаған екі көлік ресейлік нөмірмен болған», – делінген хабарламада. …