Синоптиктер 13 шілде күні Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жариялады. “Қазгидромет” елдің көптеген өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжады, деп хабарлады Stan.kz. 13 шілдеде Жетісу облысының таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай соғуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың шығысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Облыстың батысы мен орталығында жоғары өрт …