«Үйге он жарым, он бір кезінде келді. Келді де, құсты. Құсқан соң жедел жәрдем шақырдым. Міне, балаңызды көріңіз, ішектері жарылып іріңдеп кеткен. Ішін қатты соққан, қан ұйып қалған деді. Балам сап-сау жүрген. Осындай болады деп ойламадым», — дейді марқұмның анасы Сайрат Ұғыбай.