Нұр-Сұлтанда 3 баласы бар әйел 20 жылдан бері жолдасынан зәбір көріп келеді. Айтуынша, балаларының көзінше талай рет аяусыз соққыға жығылған. Мұндай жағдай елімізде өкінішке қарай жиілеп тұр. Қазақстан әлем бойынша ажырасудан 2-орында. Мадина кіші баласын жетектеп дағдарыс орталығына келген. Басқа барар жерім жоқ дейді. 20 жыл отасқан жолдасы күнде өлтірем деп қорқытып, күн бермеген. Сосын амал жоқ ажырастым дейді ол.