Зейнетақы мен жәрдемақының және ең төменгі жалақының артуы, ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуі, «Жайлы мектеп» және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобаларын жүзеге асыру, жаңа даму бағдарламаларын, 5G байланыс желілерін іске қосу, сондай-ақ шағын қалалар мен ауылдарда интернет сапасын арттыру – Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет іске асырып жатқан осы және басқа да өзгерістер мен бастамалар биыл қазақстандықтардың тұрмыс сапасын жақсартуға игі әсерін тигізетін болады