ІІМ дерегінше, 2021 жылдың басынан бері қаржы пирамидасына қатысты 330 қылмыстық іс тергелді, оның жартысынан астамы сотқа жіберілді. Қаржы пирамидасынан 19 мыңнан астам адам зардап шекті. Олар 21 млрд. теңге көлемінде шығынға ұшыраған. Қаржы пирамидалары жеңіл әрі жылдам табыс табу үшін адамдарды алдаудың түрлі әдісін пайдаланады. Fingramota.kz қаржы пирамидасын анықтауға болатын 10 белгіні атады.