Отыз жылда қарапайым даладағы дәретханаға жарымадық деген бір топ мәжілісмендер бүгін «Қазақ туризмді» сынның астына алды. Жылына қазынадан 2 миллиардқа жуық қомақты қаражатты иемденетін компания туризмге жауапты елдегі негізгі оператор. Десе де, осы салада «әттең-айлар» аз емес.