Шымкенттегі Тұран шағын ауданындағы аялдамаларда бүгін сөмкелерін асынған оқушылар мен ата-аналар көп. Өйткені осында қатынайтын жалғыз қоғамдық көліктің интервалы тым ұзақ. Оның үстіне келген автобусқа барлық жолаушы сыймай қалды. Соның салдарынан балалар бірінші күннен сабаққа кешігіп барды.