Танымал адвокат Абзал Құспан қамауға алынған азаматтардың бәрін бірдей "жазықсыз" деп айтуға келмейтінін мәлімдеді. Маманның айтуынша, олардың арасында әйел зорлап, адам өлтіргендер де бар. Қазіргі уақытта арнайы комиссия қамалғандардың ісін жеке-жеке қарап, тергеушілерге көмектесуде. Бұл туралы Абзал Құспан журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында баяндады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.