Алматы билігі коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша желтоқсан айына дейінгі болжамын ұсынды. Болжамды жасау кезінде оқу жылының басталуы мен оффлайн режимге ауысуға байланысты әлеуметтік қашықтықтың қысқаруы және тұрғындардың басым бөлігі жабық мекемелерде болатыны есепке алынған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.