Қазақстанның Әнұранын әлемдік жарыстарда шатастыру жиілеп кетті. Әйтеуір жылда бір-екі ел міндетті түрде білгенінен жаңылады. Желтоқсан айының басында Испанияда өткен гандболдан әлем чемпионатында да осы тектес оқиға қайталанды. Бірақ оған бас ауырта қойғанымыз шамалы. Еліміздің символына құрметсіздік танытқан жарыс қожайындарының әрекетіне құзырлы министрлік пен федерациялар қашанға дейін көз жұма қарайды?