Маңғыстау облысында оқу-жаттығу полигонындағы снаряд жарылуы кезінде жапа шеккен Нұрлан Асқарұлының туыстары әділдік сұрайды. Ол әскери борышын өтеп жүргенде оқ-дәрілер жарылып, екі саусағынан айырылған. Сонымен қоса өкшесіне зақым келіп, денесінде оқ ұшқыншақтары қалған әскеридің өзін соңында болған іске кінәлі деп таныған.