"Егер қоймалар жер астында болмаса, егер айналасындағы шөп шабылмаса, ағаштар оқ-дәрі қоймасынан қажетті қашықтықта орналаспаса, бір жерлерде шыны қалдықтары шашылып жатса – мұның барлығы оттың тұтануына әкеліп соғады. Және мұның барлығы адами фактор. От тұтанған соң оны өшіруге тырысады, алайда бір снаряд болсын жарылса оны сөндіру мүмкін емес. Өйткені оның жарықшақтары жүздеген метрге ұшады", - дейді ол.