Түркістан өңіріндегі қаржылық пирамида ісінде қатысты сотталушының басым бөлігі – көпбалалы аналар. Туыстары олардың қамауға алынғанына қарсылық білдіріп, сан мәрте шағым да берген. Бірлі-жарымы ғана үйқамаққа шығарылған, алайда сот көпшілігін қамауда ұстау заңды деген шешім шығарған. Ал бүлдіршіндері анасын сағынды деген жақындары былтыр да бас көтерген еді. Балалар күні қарсаңында сотталушылардың туыстары тергеу абақтысы маңына қайта жиналды.