16 мамыр күні БАҚ беттерінде Ұлттық мұражайда және Арыстанбек Мұхамедиұлының үйінде тінту жүріп жатқаны туралы ақпарат тараған еді. Бұдан соң Ұлттық мұражай директорының өзіне қол салғаны туралы мәлімет пайда болды. Алайда Арыстанбек Мұхамедиұлының баспасөз хатшысы мұны жоққа шығарған. Кейін мұражай директоры Қазақстан халқы мен Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жолдап, болған оқиға туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.