Алматыда 38 маршруттағы қоғамдық көлік жүргізушісі қозғалыс кезінде тежегішті қатты басып, салдарынан іштегі 75 жастағы зейнеткер Татьяна Валентинова ұшып кетіп, жарақат алған. Жәбірленушінің жақындары жүргізушінің үстінен әлі іс қозғалмағанына наразы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.